⚜️⚜️⚜️МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді.
Айтулы кәсіби мерекеге орай, “Дарын” балалар өнер мектебінде медицина қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтап, аудандық мәслихаттың Құрмет Грамотасын табыстадым.
Мерекелік шарада аудан өнерпаздары әуелете ән шырқап, дәрігерлер қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады.