Талас аудандық мәслихатының кезекті ХХХIХ сессиясы өтуі жөніндегі хабарлама

Талас аудандық мәслихатының кезекті  ХХХIХ  сессиясы өтуі жөніндегі хабарлама

Талас аудандық мәслихат депутаттарының

НАЗАРЫНА

      Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті ХXХIХ сессиясы 2025 жылғы маусым айының 26-ші жұлдызы күні сағат 11:00 де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мынадай күн тәртібімен шақырылады:

  1. Ауданда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және көктемгі егіс дала жұмыстарының өтуі, «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы туралы;
  2. Ауданда денсаулық сақтау саласының жұмысын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар және нысандардың жағдайы туралы;
  3. Аудандағы эпизоотиялық ахуал, жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан және қаңғыбас ит, мысықтарды аулау жұмыстары туралы;
  4. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында атқарған жұмыстары мен алдағы жүзеге асыратын жобалары туралы Ақкөл, Кеңес, Үшарал, Қызыләуіт ауылдық округ әкімдерінің есептері;
  5.   Әр түрлі мәселелер.      Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы 2025 жылдың маусым айының 26-ші жұлдызында сағат 09.00 де депутаттар бөлмесінде өткізіледі.