АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 32 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 32 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 32 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіне аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес және ұсыныстар негізінде төмендегі мәселелер енгізілді:

  1. Сырдария аудандық мәслихатының қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
  2. Сырдария аудандық мәслихатының білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
  3. Аудандағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы және жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес санаттардағы жерлердің жайы туралы.
  4. «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. 2025 жылға Сырдария ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы.
  6. Сырдария ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы.
  7. Аудандық жер комиссиясы туралы.
  8. «Сырдария ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №76 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  9. Сырдария ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
  10. «Сырдария аудандық қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 наурыздағы №124 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты Сырдария аудандық мәслихатының қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Ибадуллаева Динара Дүйсенбекқызы, Сырдария аудандық мәслихатының білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Есназар Алмас Зейноллаұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрсейіт Қанат Айтмағамбетұлы, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Шайлан Ермек Мұратбекұлы және аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Сәдуақасов Айбек Сәдуақасұлы күн тәртібіне ұсынылған мәселелері бойынша депутаттар алдында өз хабарламаларын жасады.

Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия соңында аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы ұсынылған мәселелерге қолдау білдірген депутаттарға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта да аудан игілігі үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.