ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛІГІНЕ КАНДИДАТТАРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
2025 жылдың 11 ақпан күні аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді. Отырысқа жұмыс тобының басшысы Ж.Ембергенов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Жұмыс тобы отырысында мынадай мәселелер қаралды:
1. Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына мүшелерін сайлау (конкурстық негізде).
2. Сырдария аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне резервтік тізім қалыптастыру.
3. Сырдария аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігінің қалыптасқан тізімін аудандық мәслихат төрағасына бекітуге ұсыну.
4. Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесі ережесінің жобасын Қоғамдық кеңеске ұсыну.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Жұмабек Әшімұлы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 наурыздағы №124 шешімімен Сырдария аудандық қоғамдық кеңесінің құрамы үш жыл мерзімге бекітілгенін және Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру үшін Сырдария ауданының қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы «Сырдария аудандық мәслихат аппаратының» ресми сайтында 2025 жылдың 27 қаңтар және 7 ақпан аралығында хабарландыру берілгендігін, сонымен қатар хабарландаруда белгіленген уақыт ішінде жұмыс тобына коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан 21 ұсыныс-өтініштер түсті. Оның ішінде 4 ұсыныс қоғамдық ұйымдардан ұсынылса, 2 ұсыныс мемлекеттік органнан ұсынылды, қалғаны өзін – өзі ұсыну арқылы келіп түскендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес 2 ұсыныс мемлекеттік органнан кеңес мүшелігіне конкурстан тыс жіберілетіндігін мәлімдеді.
Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес жұмыс тобы әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізіп, әр кандидатқа жеке-жеке дауыс берді. Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіпқойлық, жеке қасиеттерін және қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білуін анықтауға бағытталған, бірдей сұрақтар қойылды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардың дауыс беру қорытындысымен жұмыс тобының басшысы Жұмабек Әшімұлы таныстырып, ең көп дауыс жинаған 15 кандидаттың Қоғамдық кеңестің құрамына сайланғандығын жеткізді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты жұмыс тобының шешімімен алдағы уақытта Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерін алмастыру мақсатында резервтік тізімге әңгімелесу рәсіміне қатысқан, бірақ дауыс беру қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген 6 кандидаттан резерв белгіленді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сайланған жаңа құрамды Сырдария аудандық мәслихаты төрағасының бекітуіне ұсынылды.
Төртінші мәселеге байланысты Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесі ережесінің жобасы жаңадан сайланған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында қарауға ұсынылды.