Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 27 сессиясы шақырылды. Сессияға депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов, аудан әкімі аппаратының басшысы, тиісті сала басшылары, аудан әкімдігі мен мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.
Сесссия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылды:
1. «2024–2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 69 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «VIІІ-ші шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. «VIІІ-ші шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
5. Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы.
6. «Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. «Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. «Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Сәдуақасов Айбек Сәдуақасұлы және аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ұзақбаева Жадыра Бақытбекқызы өз хабарламаларын жасады.
Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ұсыныстар ескерілді.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешімдер қабылданды.