КЕЗЕКТЕН ТЫС 26-ШЫ СЕССИЯ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС 26-ШЫ СЕССИЯ ӨТТІ
КЕЗЕКТЕН ТЫС 26-ШЫ СЕССИЯ ӨТТІ
 
Бүгін, Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 26 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті сала басшылары, бұқаралық ақпарат құралының өкілі, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысты.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов ашып жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселе:
«Сырдария ауданының кент және ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 77 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселеге сәйкес, Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы хабарлама жасады.
Тиісті сала басшысының хабарламасынан соң сөз алған аудандық мәслихат депутаттары Серікбаев Әбдікәрім Жағыпарұлы, Бисенов Марат Алдабергенұлы және Ақтөре Ибрагимұлы ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мәслихат депутаттарының сұрақтарына аудан әкімінің орынбасары Нұртазаев Талғат Мейрамханұлы және аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы өздерінің жауаптарын берді.
Сессия соңында күн тәртібіндегі мәселеге байланысты тиісті шешім қабылданды.