Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 49-сессиясы өтті.

Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 49-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қармыс Сакен Қуанышұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия әлеуметтік желідегі ресми Facebook парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Күн тәртібіне 5 мәселе енгізіліп, олар толық қаралды.

Атап айтқанда:

  • 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілді;
  • Ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды;
  • Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді;
  • Мәслихаттың 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді;
  • Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы жаңартылды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.