
2025 жылдың 5 желтоқсан күні Сырдария аудандық мәслихатының білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссия отырысының жұмыс жоспарына сәйкес, тұрақты комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, онда аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының жұмыс барысы және аудандағы санитариялық–эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Тұрақты комиссия отырысына комиссия мүшелерінен бөлек аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы, мәслихат депутаттары, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Құлеке Ақгүл Әмірханқызы, аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Омарова Құралай Сайранқызы, осы сала мамандары және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатыстырылды. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы - Омарова Құралай Сайранқызының баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы аудандағы эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат берді, оның ішінде: жұқпалы аурулардың тіркелу деңгейі, мектептер, балабақшалар және басқа да ұйымдасқан ұжымдардағы санитариялық жағдай, кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нәтижелері, зертханалық бақылау көрсеткіштері, халыққа түсіндіру жұмыстарының барысы жайлы сонымен қатар эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар баяндалды.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес, мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық мәслихаттың білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А.Есназар және комиссия мүшелері М.Бакуов, Б.Ұлтанбекұлы тарпынан сұрақтар қойылып, ағымдағы жағдайды талқылай келе, санитариялық талаптардың орындалуын одан әрі күшейту және эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау бойынша нақты ұсыныстар енгізілді. Мәселені талқылау барысында аудандық мәслихат депутаттарын аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы аудандағы эпидемиологиялық ахуалға сәйкес аудан деңгейінде атқарылған жұмыстар бойынша хабардар етіп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Комиссия төрағасы отырысты қорытындылай келе: «Аудан бойынша бар тәуекелдерді, санитариялық талаптарды бұзу фактілерін, кемшіліктерді және оларды жою бойынша нақты ұсыныстарды талқыладық деп есептеймін. Алда осы мәселе бойынша бақылауды одан әрі күшейтіп, жоспарлы жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау міндеті тұрғанын естен шығармауымыз керек. Сонымен қатар, отырыс барысында депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды назарға алуды ұсынамын. Осы тұрғыда аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың жалпы тұрақты деңгейде сақталуы – басқарма мамандарының жүйелі еңбегінің нәтижесі екенін де атап өткен жөн» - деді. Сонымен қатар, комиссия төрағасы отырысқа қатысушыларға мәселені талқылау барысында белсенділік танытып, атсалысқандары үшін алғысын білдіріп, комиссия отырысын жабық деп жариялады.