Күні кеше Сырдария аудандық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарымен бірге бірлесіп тұрақты комиссия жлспарына сәйкес аудан көлеміндегі әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындық барысымен танысты.
Аралау барысында аудан орталығындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің, Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің Сырдария спорт клубы КММ-нің және аудандық аурухананың бу қазандықтарының жағдайын көріп, мекеме басшыларымен және жауапты мамандармен тілдесті.
Облыстық және аудандық мәслихат депутаттары тарапынан мекеме басшыларына жылу маусымына қаншалықты дайын екендіктері және осыған байланысты қандай мәселелер бар екендігі сұралып, жауаптар алынды.
Депутаттар тарапынан аудан бойынша газға қосылмаған білім беру ұйымдары, спорт нысандары және денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына қысқа толыққанды дайындық жұмыстарын пысықтау бойынша нақты ұсыныстар берілді.