Меню
Страницы

Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының Н А З А Р Ы Н А

Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының Н А З А Р Ы Н А

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қызылорда облысы, Сырдария ауданының  мәслихаты  № 4, 10  округтік сайлау комиссиясының және № 154, 156, 159, 164, 166, 168, 169  учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 04 мамырдан 20 мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 20 мамырға дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

Сырдария аудандық мәслихаты

 

Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы – Е.Е.Әжікенов.

Мәслихаттың орналасқан жері:  Сырдария ауданы, Алиакбаров көшесі, 24.

Жауапты тұлғалар – Токманов Самат Тасболатович,  қызметтік телефондарының нөмірі: (872436)21057, (872436)21544, ұялы.тел: 87057235111,

электрондық пошта мекенжайы: syr.maslihat@mail.ru

Өтініш нысаны 

Ұсыным нысаны 

 

Сырдария аудандық мәслихаты 9 кандидатты - округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды. 

№ р/н

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері
(мекен-жайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат)

Кандидатура саны

1

2

3

4

Округтік сайлау комиссиясы

1.       

№4

Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов ауылы, Абай көшесі №1, А.Тоқмағамбетов ауылдық округі әкімі аппаратының  ғимараты

1

2.

№10

Сырдария ауданының Бесарық ауылы, А.Дүйсенбаев көшесі №27,  Бесарық ЖШС-нің ғимараты

1

Учаскелік сайлау комиссиялары

1.                   

№154

А.Тоқмағанбетов ауылы,  Е.Боранбаев №1 көшесі,

 «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің» №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

1

2.                   

№156

Тереңөзек кенті, Д.А.Қонаев №23. «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

3.                   

№159

С.Сейфуллин ауылы, Сәрке батыр№26.  «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№137 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

4.

№164

Шаған ауылы, А.Атақаев №3А. «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№37 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

5.

№166

Шіркейлі ауылы, Ж.Құттыбаев №4. «Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппаратының Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1

6.

№168

Бесарық ауылы, А.Дүйсенбаев №29. «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№147 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

7.

№169

Аманкелді ауылы, Қ.Баймағанбетов №17.

 «Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының Аманкелді ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты