"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 3 маусымда сағат 15:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында ("Б" блогы) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясы шақырылады.
Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: «Қала әкімінің атқарылған жұмыстар туралы есебі», сондай-ақ басқа да мәселелер.
Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==