Степногорск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы хабарландыру

Степногорск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы хабарландыру

Степногорск қалалық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9 - бабының 2,3-тармақтарына (бұдан әрі-Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 22,23,24-тармақтарына (бұдан әрі-Үлгілік ереже) сәйкес Ақмола облысының қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөнінде конкурс өткізеді.

Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Степногорск қалалық мәслихатының электрондық мекенжайына осындай құжаттарды қолма-қол береді немесе жібереді:

1) кандидатураны қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;

      2) кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды пайдаланумен байланысты бұзылулардың болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді беру.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы-12 адам.

Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны: оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 бөлігі және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде (конкурстық негізде) қалыптастырылады.

Пошталық мекенжайы: «Степногорск қалалық мәслихатының аппараты» ММ, Ақмола облысы, Степногорск қ., 4 шағын аудан. 1 ғимарат, 61 кабинет, жұмыс телефондары: 8(716-45)5-17-10, 8(716-45)5-34-95.

Электрондық пошта мекенжайы: step_maslihat@mail.ru 

Жұмыс тәртібі: «Степногорск қалалық мәслихатының аппараты» ММ, сағат 9.00 – ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар (Заңның 10-бабы).

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған мүшелері Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін береді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған кандидаттардың кәсіпқойлық, жеке қасиеттерін және қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білуін анықтауға бағытталған, сондай-ақ қоғамдық кеңеске үміткер мүшелікпен байланысты сұрақтар қойылады.

Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі.     


Нысан
 

                                                          Кімге: Степногорск қалалық мәслихаты

кімнен (өтініш берушінің аты, жөні, тегі

(бар болған жағдайда)

 __________________________________________

жеке куәлік №__________________________

берілді (қашан, кім): ________________________

тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер)

___________________________________

                                                        телефон _____________________________

 

Степногорск қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидатураны ұсыну туралы ӨТІНІШ

 

Мен, _________________________________________________________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты)

өзімнің кандидатурамды Степногорск қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелігіне ұсынамын.

            Осы өтінішпен 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) ережелерімен танысқанымды және оның талаптарын сақтауға міндеттенетінімді растаймын.

Жоғарыда аталған Заңның 10-бабының талаптарына сәйкестігін растаймын.

Осы өтінішпен мен туралы: сотталғандығының болуы не болмауы туралы, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы мәліметтерді сұратуға өзімнің жазбаша келісімімді беремін.

Келесі құжаттарды қоса беремін:

1) Жеке куәлік көшірмесі;

2)  кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер 

3) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты болмағаны туралы анықтама.

 

 2025 ж. «___» ________      ________________      _____________________

                                                       (қолы)                             (қолды түсіндіру)

 

 

 

Степногорск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидат туралы өмірбаяндық мәліметтер

 

  1. Кандидаттың аты-жөні, туған күні және мекен-жайы;
  2. Білімі (оқуды қайда және қашан бітірген), оқу орнының атауы, диплом, куәлік бойынша мамандығы;
  3. Еңбек қызметі (қайда және кім болып жұмыс істеді) қандай мерзімде;
  4. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысу (ұйымдардың атауы, мерзімдері)
  5. Сайлауға қатысу (қайда және кім сайланды, қай мерзімге)
  6. Сертификаттардың, атақтардың, наградалардың болуы
  7. Тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс, үй, ұялы телефон