Қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Алмас Мекебаев Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің көшпелі отырысына қатысты.
⠀
Отырыс облыстық мәслихаттар қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Дастан Әкімовтың төрағалығымен қалалық және аудандық мәслихаттар төрағаларының, облыстық ведомстволар басшыларының, облыстық мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
⠀
Бірқатар мәселелер:
- бюджеттік процестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіпсіздігі бойынша,
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтарға бойынша,
- барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын қалыптастыру мәселелері бойынша,
- басқа аудандардың мәслихаттарымен тәжірибе алмасу бойынша қаралды.