Олжас Жағыпаров Степногорск мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Олжас Жағыпаров Степногорск мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Степногорск қаласында өкілді органның тарихында қалалық мәслихаттың ең жас хатшысы сайланды. Бүгін Степногорск қалалық мәслихатының он алтыншы (кезектен тыс) сессиясында депутаттар отыз бес жастағы Олжас Жағыпаровты жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың хатшысы етіп сайлады. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Арсен Аветисян өз сөзінде атап өткендей жаңа хатшының жас кезіне қарамастан, екі шақырылымның депутаттық қызметі, сайлаушылар мен әріптестердің сенімі мен өзара түсіністігі, сондай-ақ жұртшылықпен және депутаттық корпуспен бірлесіп, өңірдің экологиялық проблемаларын шешу бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті. Өз сайлаушыларына көмектесуге бей-жай қарамайтын мінез бен ықылас, бұл Олжас Жағыпаровтың бойында бар және ең алдымен биліктің өкілді органының басшысына қажет қасиеттер, - деп есептейді Степногорск мәслихатының депутаттары.