Қалалық мәслихат депутаты Олжас Жағыпаров "VIAMEDIS" ЖШС басшылығымен кездесті

Қалалық мәслихат депутаты Олжас Жағыпаров "VIAMEDIS" ЖШС басшылығымен кездесті

Бүгін қалалық мәслихат депутаты Олжас Жағыпаров "VIAMEDIS" ЖШС басшылығымен кездесті. Ұйым басшысы Нұрлан Ахильбеков депутатты қала әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында өңіріміздің тұрғындары айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жою бойынша қалалық емхананың қандай жұмыстар жүргізіп жатқаны туралы хабардар етті. Кездесу барысында ұйымды дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен кадрлық қамтамасыз ету мәселесін шешу жолдары айтылды, перспективалар талқыланды.