Қалалық мәслихаттың төртінші сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың төртінші сессиясы өтті

27 мамыр Н.Әбіловтың төрағалығымен жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Д.Нұрмағанбетов қатысты. Депутаттар 2020 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар мен ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекітті, қала әкімдігі жанындағы бірнеше комиссия құрамына өзгеріс енгізді. Келесі кезекті сессия төрағасы болып А.Аветисян сайланды, онда қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі қаралатын болады.