Қырық құдық ауылына жұмыс сапары

Қырық құдық ауылына жұмыс сапары

Бүгін қалалық мәслихат хатшысы Хайрым Кабар мен қалалық мәслихат депутаты Нәсіболла Әбілов Қырық құдық ауылына жұмыс сапарымен барды. Ауыл әкімі Дулат Жахин депутаттарды әлеуметтік объектілермен таныстырды. Іссапар барысында депутаттар жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, ауыл шаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану мәселелерін талқылады.