"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат 12:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында ("Б" блогы) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының кезекті тыс жиырма сегізінші сессиясы шақырылады.
Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: "Степногорск қаласының 2024-2030 жылдарға арналған даму жоспары", "Степногорск қаласының Целиноград көшесін қайта атау туралы"
Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==