"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 15:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында ("Б" блогы) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының кезекті тыс жиырма жетінші сессиясы шақырылады.
Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: "2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" және "Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы"
Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==