Кезектен тыс 26-шы сессия

Кезектен тыс 26-шы сессия

2025 жылдың 18 сәуірінде аудан мәслихатының кезектен тыс 26-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.К.Бектасова, «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.С.Некібаев, бөлім басшылары қатысты.

Мәслихат депутаттары келесі мәселелерді қарастырды:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/227 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/228 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/226 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 2 ақпандағы № 15/57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы №19/231 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №27/314 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.