Кезектен тыс 32-сессия

Кезектен тыс 32-сессия

2025 жылғы 4 қыркүйекте аудан мәслихатының кезектен тыс 32-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Есіл ауданының әкімі М.Т.Мұхамедияров, бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Мәслихат депутаттары келесі мәселелерді қарастырды:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 27/414 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы №27/419 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/423 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Есіл ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/229 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сонымен қатар қылмыстық жазаларын өтеген тұлғаларға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/231 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы №22/326 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. «Есіл ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 27/313 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  9. «Есіл аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/163 шешіміне келесі өзгеріс енгізу туралы.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.