
Үстіміздегі жылдың сәуір айының 9-ы күні жоспарға сай Шу аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп, құрылыс, байланыс, энергетика, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Ж.Әбенов, комиссия мүшелері қатысты.
Комиссия отырысына комиссия төрағасы Н.Разимбеков төрағалық етіп, оны жүргізіп отырды. Комиссия отырысының күн тәртібінде Дулат ауылдық округінің әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы мәселе қаралып, округ әкімі Б.Кірпікбаевтың есебі тыңдалды. Мәселені қарау және талқылау барысында депутаттар тарапынан орын алған кемшіліктер аталып өтілді.
Қаралып отырған мәселе бойынша мәслихат төрағасы Ж.Әбенов, комиссия мүшелері А.Комаев, Б.Ниязбеков, А.Айтжанов, Ұ.Абуов сауалдар қойды, оларға округ әкімі тиісті жауаптар берді.
Комиссия отырысын комиссия төрағасы Н.Разимбеков қорытындылады және комиссия мүшелерімен тиісті қаулы қабылданды.
Осымен тұрақты комиссия өз жұмысын аяқтады.