Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы
Шу ауданының жаңадан қалыптастырылған қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы 2025 жылғы 3-і ақпан күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өтті.Отырысқа жаңадан сайланған қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Алғашқы отырысты ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 13 бабына сәйкес Шу ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы А.Бекмурзина ашты және ол кеңес мүшелерін таныстырып өтті. Мәслихат төрағасы Ж.Абенов кеңес мүшелеріне тиісті куәліктерді табыстады.
Кеңес отырысында қоғамдық кеңестің төрағалығына зейнеткер, Шу ауданының Құрметті азаматы Тынышхан Зағипбайұлы Әрістеевтің кандидатурасы ұсынылды. Бұл ұсынысты кеңес мүшелері бір ауыздан қолдап, дауыс берудің қорытындысы бойынша Т.Әрістеев Шу ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Кеңес отырысын ары қарай кеңес төрағасы Т.Әрістеев жүргізіп отырды. Кеңес отырысында қаралатын 4 мәселе қойылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен бағытына қарай сандық құрамы бойынша 7 адамнан тұратын 2 комиссия құрылды және комиссия мүшелері сайланды.
Дауыс берудің нәтижесінде әлеуметтік сала жөніндегі комиссияның төрағасы болып кеңес мүшесі С.Абдіманапов,ал эканомика, бюджет, салық, ауыл шаруашылығы,өнеркәсіп мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы болып кеңес мүшесі Б.Қайранов сайланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кеңес мүшелерімен Шу ауданының қоғамдық кеңесінің Төралқасының құрамына Т.Әрістеев, С.Әбдіманапов, Б.Қайранов, Ж.Әбенов, Е.Әбішев, М.Бейсембаев, Ж.Чекаев сайланды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Шу ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы А.Бекмурзина хабарлама жасап,ол Шу ауданының қоғамдық кеңесі туралы Ережесінің жобасына тоқталды. Нәтижесінде ұсынылған қоғамдық кеңес туралы Ереже кеңес мүшелерімен бекітілді.
Отырыс соңында кеңес мүшелерімен Шу ауданының қоғамдық кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.