Шу аудандық мәслихаттың 2024 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы ХАБАРЛАМА

Шу аудандық мәслихаттың 2024 жылдың 12 айында  атқарған жұмыстары туралы  ХАБАРЛАМА

Шу аудандық мәслихаттың 2024 жылдың 12 айында

атқарған жұмыстары туралы

ХАБАРЛАМА

 

         Шу аудандық мәслихаты өз қызметін ұйымдастыруда ҚР Конституциясында, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында және өзге де заң актілерінде, аудандық мәслихаттың регламентінде белгіленген өкілеттіктерді, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырып келеді.

         Мәслихаттың 2024 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылымәслихаттың 4 кезекті және 15 кезектен тыс сессия өткізіліп, 83 мәселе қаралса, олардың жоспарлы түрде қаралғаны - 3. Нәтижесінде мәслихаттың 83 шешімі, мәслихат төрағасының  57 шешімі мен 60 өкімі қабылданды. Жамбыл облысының  Әділет департаментінен 6 шешім мемлекеттік тіркеуден өтті. Мәслихат қабылданған шешімдер мен өкімдерге жыл ішінде ауданаралық прокуратурасы тарапынан наразылықтар түскен жоқ.  Осы мерзімге мәслихат аппаратында – 354 кіріс құжаты тіркелсе, шығыс құжаты -341, олар дер кезінде тіркеуге алынып, заңға сәйкес рәсімделінді.

         2024 жылдың 12 айында мәслихат аппаратында 18 өтініш тіркелді, оның 6-ы заңды тұлғалардан, 12-і жеке тұлғалардан түсіп, оларға уақтылы жауаптар қайтарылылса, жеке қабылдауда 7 адам болды, оның барлығы қанағаттандырылды.   Жыл ішінде мәслихат депутаттарының атына 9 өтініш түсті, олардың  барлығы құзырлы органдарға жолданып, 8-нің  оңды шешімі табылса, 1-і  қаралу үстінде.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларына сәйкес бірлескен 29 отырысы өткізіліп, 32 мәселе қаралып, 32 қаулы қабылданды.   

Ағымдағы жылдың 12 айында жергілікті бюджет 10 рет нақтыланды, оның ішінде аудандық бюджет 6 - рет,қала, ауылдық бюджет 4 - рет.

2024 жылдың І тоқсанына арналған мәслихаттың перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес, алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында «Ауданның  бюджеттік мекеме,  кәсіпорындары мен Шу қаласының көп қабатты  үйлеріне  жылу берудің барысы туралы» мәселесі қаралып, Шу ауданы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысы Ж. Каликовтың, «Төле би мамандандырылған көпсалалы кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры А.Жапсарбаевтың, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Жазықбаеваның  есептеріжәне  «Шу-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның  директоры Р.Куккузовтың  хабарламасы тыңдалып, мәслихаттың кезекті 16-шы сессиясының қарауына енгізіліп, депутаттармен тиісті шешім қабылданды. 

Аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп, құрылыс, байланыс, энергетика, көлік және коммуналдық салаларды дамыту  мәселелері, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясының  2024 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес тұрған  «Елді мекендердегі жеке және заңды тұлғаларды ағын сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы» тұрақты комиссияның 2023 жылғы 17 мамырдағы №12 қаулысының орындалуы туралы» мәселесі комиссия отырысында қаралды.

Мәселені қарау барысында аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы А.Айтжановтың баяндамасы, «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінің басшысы А.Омаровтың есебі тыңдалды. Нәтижесінде, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры А. Қадыровқа аудан бойынша ТМК, Оң жағалау, Сол жағалау, Күйген каналдарына механикалық тазалау жұмыстарын жедел түрде жүргізу, каналдардың бойында заңсыз қойылған тоспаларды жою, каналдар бойындағы шлюздардың ашып – жабатын құрылғыларының тозығы жетуіне байланысты, оларға жөндеу жұмыстарын (сырлау, бояу, майлау, дәнекерлеу, т.б.) жүргізу, Талас – Шу бассейіндік инспекциясының бастығы  Т.Ибраевқа Тасөткел су қоймасы Шу өзеніне, Қорағаты өзеніне қойылған су сорғы насостардың заңдылығына тексеру жүргізіп, шаралар қолдану, «Казсушар» РМК Жамбыл филиалы «Тасөткел» ӨБ бастығы А.Омаровқа 2024 жылдың вегетациялық кезеңіне аудандағы ағын су пайдаланушылармен келісім шартқа отыру жұмыстарын жеделдету туралы қаулы қабылданды. Нәтижесінде, «Тасөткел су қоймасы» ӨБ қарамағындағы Сол және Оң жағалау магистралды каналдан бөлінетін ішкі жер каналдардың техникалық жағдайының нашар болуына байланысты ағымдағы жылы механикалық тазалау жұмыстары ішінара жүргізілген. Каналдар бойындағы шлюздардың ашып – жабатын құрылғыларының тозығы жетуіне байланысты келесі жылға бюджетке өтінім берілген.

Жоғарыда аталған мәселе бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Саурықовқа, облыс әкімінің орынбасары А.Тамабекке, «Қазсушар» РМК Жамбыл облысы бойынша  филиалының директоры А.Қадыровқа арнайы хат жолданып, жауап алынды. Алайда аудандық мәслихат депутаттары оған қанағаттанбады. Сол себептен Шу аудандық мәслихат депутаттары Ж.Абенов, М.Маткаримов, А.Айтжанов, Ұ.Абуов, М.Шәймерден, Ғ.Қойбағаров, Б.Онбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ә.Ғ.Тамабекке вегетациялық кезеңге каналдарға неге механикалық тазалау жұмыстары жүргізбегендігі және сол мақсатқа қаражат қашан бөлінетіндігі, Шу аудандық РМК «Тасөткел су қоймасы», Шу аудандық өндірістік бөлімшесінің басшысы А.Омаров пен осы бөлімшенің бас инженері Ғ.Ибраймовтың жұмысты дұрыс ұйымдастырмағандығы жөнінде хат жолдаған болатын. Бұл мәселе тұрақты бақылауға қойылды.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Тұрақты комиссиясының 2024 жылдың IІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» мәселесі алдын - ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралып, егжей-тегжейлі талқыланып аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілді. Сессияда депутаттармен 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы бекітілді.

Тұрақты комиссиясының  2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес комиссия отырысында «Төле би мамандандырылған көпсалалы кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары және 2024 жылдың жоспарына енгізілген мәселелер туралы» мәселесі қаралып, «Төле би мамандандырылған көпсалалы кәсіпорны» шарушалық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры А.Джапсарбаев есеп берді. Нәтижесінде, «Төле би мамандандырылған көпсалалы кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы А.Жапсарбаевқа алдағы жылыту маусымына кәсіпорын теңгеріміндегі қазандықтарды дайындау, көмір сақтайтын қоймалардың құрылысын жүргізу, от жағушыларға тиісті деңгейде жағдай жасау, аудандағы мәдениет ошақтарына тиесілі қазандықтарды «Төле би мамандандырылған көпсалалы кәсіпорны» КМК-ның теңгеріміне қабылдау тетіктерін қарастыру, аудандық мәндегі 71,72 шақырым кіре беріс автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын назарда ұстау, кәсіпорынға 2024 жылға бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты және толыққанды  игерілуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар беріліп, ол тиісті қаулымен рәсімделді. Нәтижесінде, 2024 жылы кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы 2 фронталды тиегішпен толықтырылды, Трактор, 1-автогрейдер, 1-фронтальды тиегіш сияқты өндіріске қажет арнайы техникалар сатып алынды. Қыс мерзімінде автомобиль жолдарын күтіп ұстауға, жолға себілетін қоспалардың сапасын сақтау мақсатында тұз және құм сақтайтын бастырма салынды. Қысқы мерзімдерде жол тазалауға қажеттілік көп туындап отыратындықтан,  қатты суықтарда арнайы техниканың іске қосылуына қиындықтар тудырмас үшін, арнайы техника тұратын ангар соғу жоспарланып отыр.

Тұрақты комиссиясының 2024 жылдың IІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Ауданның елді мекендерінде пошта байланысы қызметтерінің ұйымдастырылуы туралы» мәселе қаралып,  «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының басшысы А.Сраилованың хабарламасы тыңдалды. Мәселені қараудың нәтижесі бойынша «Қазпошта» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының директоры Б.Бекбердиевке Шу ауданының кейбір ауылдық елді мекендеріне заманауи пошта ғимараттарының құрылысын жүргізу тетіктерін қарастыру, Шу аудандық пошта байланыс торабының теңгерімінде тозығы жеткен пошта ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру, жекелеген пошта бөлімшелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту, хат тасушыларға қосымша штат бөлу және олардың айлық жалақыларын көтеру,  «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланыс торабының басшысы А.Сраиловаға тұрғындардың наразылығын тудырмау мақсатында хат-хабарлар мен басылымдарды уақытында жеткізуді қамтамасыз ету және пошта байланысы бөлімшелерінде халыққа қызмет көрсету жұмыстарының сапасын арттыру, хат тасушыларды жаңа көлік құралдарымен (велосипед) толық қамту, елді мекендердегі  пошта ғимаратының сыртына абаттандыру жұмысын жүргізу ұсынылды.  Бұл мәселе жөнінде «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Б.Бекбердиевке депутаттар тарапынан хат жолданып, орындалуы бақылауға қойылды. Нәтижесінде, «Қазпошта» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының,  Шу аудандық пошта байланыс торабы 2023 жылдың шаруашылық-қаржылық есебі бойынша аудан жұртшылығына 73 627,100 мың теңгеге, 2024 жылдың 65 788,90 мың теңгеге пошталық, қаржылық, трансфер-агенттік, агенттік және басқа да қызметтер көрсеткен. 2024 жыл ішінде ауылдық және қаланың пошта бөлімшелеріне әктеу, сырлау, тазалау, көгалдандыру  жұмыстары жүргізілген.

2024 жылы аудандық пошта байланыс торабы «Газель» автокөлігімен қамтамасыз етілген. Сондай - ақ,  бүгінгі күнге  Шу аудандық пошта байланыс торабы бойынша 3 банкомат жұмыс жасауда, 15 пост терминал аппараттарымен  және басқа да компьютерлік жабдықтармен қамтылған. Барлық ауылдық, қалалық пошта бөлімшелері мүмкіндігіне қарай компьютерлік жабдықтармен қамтылып, автоматтандырылған. Қазіргі таңда хат тасушылар жаздық, қыстық аяқ киімдермен қамтамасыз етілген.

Тұрақты комиссиясының 2024 жылдың IІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес,«Елді мекендердегі қоғамдық  тәртіпті сақтау жұмыстарының жәйі туралы» Шу аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Д.Бекбауловтың хабарламасы комиссия отырысында тыңдалды. Нәтижесінде, Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметовке  зерделеу барысында анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде нақты шаралар қабылдау, аудан аумағында қылмыстардың алдын алу, елді мекендердегі қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарына баса назар аудару, учаскелік полиция қызметкерлерінің бос орындарын толтыру жұмыстары бойынша нақты шаралар қабылдау, аудан әкімдігімен бірлесе отырып, учаскелік тірек пунктеріндегі тозығы жеткен кеңселік жиһаздарды жаңасына ауыстыру, ғимараттарға жөндеу жұмыстарын кезең кезеңмен жүргізу, учаскелік инспекторларды тұрғын үймен қамту жұмыстарын қолға алу, аудан әкімі Б.Жәнібековке Шу қаласы бойынша «Тоғай» мөлтек ауданына қосымша учаскелік тірек пунктін соғу, Абай, Шоқпар, Тасөткел, Ақтөбе ауылдарына жаңадан трек пунктінің құрылысын жүргізу тетіктерін қарастыру, Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесіне қызметтік автокөліктер сатып алу тетіктерін қарастыру, аудан аумағында әкімшілік қамаққа алынғандарды қабылдау үшін арнайы орын (спецприемник) құрылысын жүргізу тетіктерін қарастыру, аудан әкімдігі ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Ж.Каликовке Шу қаласы мен Төле би ауылындағы жолдарда «Жаяу жүргінші» жарық белгісін орнату, жаяу жүргінші сызықтарын жаңарту жұмыстарын ұйымдастыру, Шу аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ бөлімшесі және басқа да мекемелер орналасқан Төле би ауылы Балуан Шолақ көшесіндегі ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Шу қаласы мен Төле би ауылында орнатылған бақылау бейне камераларын толыққанды жұмыс істету мақсатында мердігермен жасалған келісім шартты ұзарту,Шу қаласы, ауылдық округтерінің әкімдерінеелді мекендердегі негізгі жолдарға, ауылдарға кіре беріс жолдарға жол көлік ережелерінің алдын алу тақырыбында бильбордтар орнату,Шу ауданы ветеринария бөлімінің басшысы С.Таңсықовқа (келісім бойынша)  ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесе  аудан аумағында мал ұрлығы, жол бойында мал қағу оқиғалары орын алған кезде мал иелерін жедел түрде іздестіру, анықтау үшін малдарды бірдейлендіру (сырға салу, чиптау, т.б.) жұмыстарын толыққанды жүргізу, ауданның аумағынан өтетін республикалық, аудандық маңызы бар автожолдарда мал қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында қараусыз жүрген және құжатсыз тасымалданған малдарды уақытша күтіп ұстау орындарын (загон) дайындау, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.М.Оспановаға Шу ауданында есепте тұрған психикалық ауытқуы бар адамдарға қарайтын дәрігерлердің штат санын арттыру, Полиция қызметкерлерімен жеткізілген азаматтарды жедел түрде куәландыру мақсатында Шу аудандық ауруханаға, Шу қалалық ауруханаға, Шу қалалық емханаға «куәландыру» бойынша сертификат алдыру тетіктерін қарастыру туралы ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берілді. Айтылған ұсыныстар мен берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды.

Тұрақты комиссиясының 2024 жылдың IІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Аудан аумағында басымды бағыттар бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарының жәйі туралы» мәселе тұрақты комиссияның отырысында қаралып, Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы С.Оңланбековтың және Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Каликовтың есептері тыңдалды. Нәтижесінде,  Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы С.Оңланбековке аудан аумағында басымды бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейту, өтпелі құрылыс нысандары – Белбасар ауылындағы мәдениет үйінің және Шу қаласындағы «Жетісу» тұрғын аумағындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылыстарының толыққанды жүргізілуін және белгіленген мерзімдерде аяқталуын назарда ұстау, елді мекендердегі биометриялық шұңқырлары  (Беккари шұңқыры) құрылыстарының сапалы жүргізілуін тұрақты қадағалау, Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Каликовке елді мекендердегі су шығару имараты мен су жүйелерінің құрылыстарын басты назарда ұстау, Бірлік, Тасөткел ауылдарының кіреберіс жолдарына асфальт төсеу жұмыстарын тұрақты қадағалау, Шу қаласы және ауылдық округтер әкімдеріне Шу қалалық әкімдік ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде шаралар қабылдау, елді мекендердегі көше жолдарының жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалау және қоғамдық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру,  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Дурмановқа (келісімі бойынша) Шу қаласында орналасқан С.Макаренко орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарында (жылу жүйесі) орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау, Тасөткел ауылындағы Ш.Мұртаза орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын бақылауда ұстау, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Е.Қ.Орынбаевқа (келісім бойынша) Шу ауданы Жиенбет ауылындағы жаңа мектептің құрылысы бойынша  нысанның жылу жүйесінде модульдық қазандықтың орнына қатты отынмен (көмір) жылытылатын қазандық орнату тетіктерін қарастыру туралы тапсырмалар берілген болатын. Нәтижесінде, Шу қаласындағы С.Макаренко орта мектебінің жылу батареясын толықтай ауыстырылды, Ш.Мұртаза орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал Жиенбет ауылндағы жаңа мектепке қатты отынмен (көмір) жылытылатын қазандық орнатылды.

2024 жылдың IІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарға сәйкес, «Шу қаласы әкімінің өзіне жүктелген міндеттері  мен функцияларын орындауы» тұрақты комиссияның отырысында қаралып, Шу қаласының әкімі Е.Нұралиевтің есебі тыңдалды. Нәтижесінде, Шу қаласының әкімі Е.Нұралиевке Шу қаласы бойынша 2024 жылдың жоспарына енгізілген 42 көшені асфальттау жұмыстарының сапасын және тиісті мерзімде жүргізілуін тұрақты қадағалау, қаладағы «Жанкулиев», «Жайсан», «Горгаз» мөлтек аудандарын ауыз сумен қамту, қала көшелерін толық жарықтандыру, қала аумағында құрылыс жүргізіліп жатқан ойын алаңшалары мен «Стрит воркаут» алаңының сапасын тұрақты назарда ұстау, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен бірлесе отырып, қала аумағында орналасқан нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстарын қолға алу, «Теміржолшылар» саябағының жарықтандыру бағаналарын толықтай іске қосу, саябақ ішіне жеңіл көлік кіретін жолды тегістеу жөнінде шаралар қабылдау, қала аумағын абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарының тұрақты жүргізілуін, қала тұрғындарының жер учаскелеріне, саябақтарға ағын су жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру, қаладағы аула санын нақтылай отырып, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемін арттыру тетіктерін қарастыру туралы тапсырмалар берілді. Нәтижесінде, 2024 жылға құны 615 млн. теңге болатын 42 көшені жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 309 млн.теңге, облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 45 көшеге асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, асфальтталған көшелердің үлесі  61 % жеткен. Бұдан бөлек қала ішіндегі ойылған көшелерді жамау жұмыстарына 2023 жылға 25 млн. 216 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілсе, ал 2024 жылға аталған бағыттағы жұмыстарға 30 млн. 160 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. «Жанкулиев», «Жайсан», «Горгаз» мөлтек аудандарына аудандық бюджеттен ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылды.2024 жылға құны 122 млн.теңгені құрайтын 6 ойын алаңшасы мен «Стрит воркаут» алаңы және 1 футбол алаңын орнату жоспарланған. Бүгінгі күнге тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Теміржолшылар» саябағының жарық бағаналары толықтай іске қосылды. Сонымен қатар, саябақ ішіне жеңіл көлік кіретін жолды тегістеу жұмыстары толық жүргізілді.Қала аумағында абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Шу ауданы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар қолданыстағы «Мерке-Шу-Бурылбайтал» автожолы бойынша Шу қаласындағы аспалы көпірден Бәйдібек ауылына дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, осы аталған жолға, Шу қаласындағы С.Сейфуллин – Қ.Сәтпев көшелері қиылысынан бастап, «Төле би баба ескерткішіне дейін 3,5 шақырым автомобиль жолдың енін 12 метрге дейін кеңейту тетіктерін қарастыру үшін «Қазавтожол»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Д.С.Иманашевке және «Қазавтожол»ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының  директоры А.К.Тугановаға хат жолданған болатын. Аталған мәселе бойынша басқарма төрағасы мен облыстық филиал басшысы 3,5 шақырым автомобиль жолдың енін 12 метрге дейін кеңейту үшін «Мемлекеттік сараптамадан өту, қайта жобалау жобаның едәуір қымбаттауына, келісім шарттың ұзаруына, қарыз қаражат көлемін ұлғайтуына және қаржыландырушы банктің келісімінің бермеуіне әкеліп соғатындығын хабарлады.

«Шу қаласы әкімінің өзіне жүктелген міндеттері  мен функцияларын орындауы туралы» мәселені зерделеудің қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары «ҚазАвтожол»ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының  директоры А.К.Тугановаға Шу қаласындағы С.Сейфуллин көшесіндегі жаяу жүргінші жолы құрылысының сапасы сын көтермейтіндігін және осы көшенің бойында орналасқан аялдаманың көп қабатты тұрғын үйлерден қашықта орналасқандығы туралы хат жолдады. «ҚазАвтожол»ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының  директоры А.К.Туганова мәслихатқа берген жауабында аудандық мәслихат депутаттары көтерген мәселе бойынша қаладағы С.Сейфуллин көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жобаға сай жүргізіліп жатқаны, жобадағы аялдамалардың орналасу орындары жергілікті атқарушы органдармен келісілгенін мәлімдеді. Жергілікті атқарушы органдардан тиісті сұраныс түскен жағдайда, ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін аяқталу қажеттігін ескере отырып, аялдамалардың орындарын ауыстыруды қарастыруға дайын екендігін хабарлады.

«ҚазАвтожол»ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының  директоры А.К.Туганованың мәслихатқа берген жауабын  қанағаттанбай, Шу аудандық мәслихат төрағасы Ж.Әбенов осы мәселе бойынша қайта хат жолдады. Нәтижесінде Шу қаласындағы С.Сейфуллин көшесінде орналасқан «Тонус» моншасының жанына қосымша аялдама орнатылатын болады.

Тұрақты комиссиясының 2024 жылдың IV тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Аудан мектептеріндегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарының жәйі туралы» комиссия отырысында Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы Шу аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Балтабайдың хабарламасы тыңдалды. Нәтижесінде, Шу аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Балтабайға бастауыш сыныпта оқитын оқушылар мен аз қамтылған отбасы балаларының толық ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылауда ұстау, білім беру мекемесінде тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібінің сақталуы, жеткізілетін тамақ өнімдеріне, тамақ өнімдерінің сапасына оларды тасымалдауға, сақтауға, тағамдарды дайындау технологиясына  және таратуға, ас блогының жай-күйіне қойылатын барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қоса алғанда, тамақтанудың санитариялық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түліктердің сақталу жағдайы мен тұтыну мерзімін қадағалау, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту мақсатында, асханалар мен қоймаларға озық технологияларға негізделген жаңа құрал-жабдықтар мен арнайы қондырғылар, жиһаздар, ыдыстар сатып алу  мен оларды тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстарды басты назарда ұстау, аспаздардың тиісті кәсіптік біліктілігі, арнайы киім формасының болуын қадағалау, мектептердегі ыстық тамақ беру қызметтерін атқаратын жеке кәсіпкерлердің қызмет сапасын қатаң бақылауға алу, жалпы мектептердің ішкі дәретханаларының техникалық жағдайын жақсартуды, санитарлық – гигиеналық талаптарға сәйкестігін қатаң бақылауда ұстау, Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасының басшысы Р.Садырқұловқа аудан мектептерінің асханаларының материалдық – техникалық базаларын нығайту мақсатында жетіспейтін бейне камералар, құрал-жабдықтар, ыдыс-аяқтар, т.б. сатып алуға 2025 жылдың бюджетінде тиісті қаржы қарастыру туралы ұсыныстар енгізіліп, олар тиісті қаулымен рәсімделді.  

Шу аудандық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С. Қ. Арубаевқа 2025 жылы Үкімет тарапынан бөлініп жатқан бағдарламалар есебінен нақтылау барысында  төменде көрсетілген жобаларға қаражаттың бөлінуіне:

- «Жамбыл облысы Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы 80 пәтерлік №2 тұрғын үй құрылысы» сметалық құны 1 мрлд 775 млн 991,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қортындысы бар;

- «Жамбыл облысы Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы 80 пәтерлік №3 тұрғын үйдің құрылысы» » сметалық құны 1 мрлд 761 млн 196,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қортындысы бар;

- «Шу ауданы Ақсу ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы» сметалық құны 467 млн 45,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қортындысы бар;

- «Шу ауданы Далақайнар ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы»  сметалық құны 443 млн 542,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қортындысы бар;

- «Шу ауданы Ақтөбе ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы» сметалық құны 391 млн 148,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қортындысы бар;

- «Шу ауданы Бірлік ауылында спорт кешенінің құрылысы» сметалық құны 462 млн 141,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қортындысы бар;

- «Шу ауданы Ақтөбе ауылында спорт кешенінің құрылысы» сметалық құны 459 млн 573,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қортындысы бар;

- «Шу ауданы Көктөбе ауылында спорт кешенінің құрылысы» сметалық құны 449 млн 177,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қортындысы бар.

 Ықпал етуін сұраған. Нәтижесі күтілуде.

Шу аудандық мәслихат депутаттары «M-KAT GREEN» ЖШС-нің  бас атқарушы директоры Тьерри Пьер Плезан мырзаға:

-Төле би ауылдық округі бойынша шағын футбол алаңшасы мен стрит воркаут алаңшасы, сметалық құны 41,5 млн теңге және  саябақтағы балалар ойын алаңы, сметалық құны 15,5 млн теңге.

-Алға ауылдық округі бойынша спорт кешеңінің және мәдениет үйінің құрылыстарын салуға (жобалық сметалық құжаттамасы дайындалуда).

2025 жылға жоғарыдағы нысандарды іске асыруға ықпал етуін сұрап хат жолдаған. Нәтижесі күтілуде.

Аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін атқару барысы және  басқа да мәселелер бойынша сайлау округтерінде бекітілген кестеге сәйкес қала және ауылдық округ орталықтарында жылдың басында сайлаушылармен кездесулер өткізді. Тұрғындармен кездесулер барысында 82 мәселе көтеріліп, тиісті мекеме басшыларының атына кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша мәслихат депутаттары үстіміздегі жылдың 12 айында жалпы саны 54 депутаттық сауал. Депутаттық сауалдарға мекемелерден тиісті жауаптар алынды. Бүгінгі таңда 19 сауал нақты орындалды. №16 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Қ.Қойшыбеков, №7 сайлау округінен сайланған депутат М.Сұлтанғазиев, №17 сайлау округінен сайланған депутат Б.Онбаев, №13 сайлау округінен сайланған депутат Ж.Әуес 2025 жылға шағын бизнес үшін бөлшек сауда салығы мөлшерлемесін 4-тен 2 пайызға дейін төмендету бойынша тиісті шешім қабылдауға ықпал ету үшін аудан әкімі Б.Жәнібековке депутаттық сауал жолдаған. Сәйкесінше, аудан әкімдігінің ұсынысына 2024 жылдың 12 ақпанындағы Шу аудандық мәслихатының №16-4 шешімімен Қазақстан Республикасының «Салық Кодексінің» 696-3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, Шу ауданы бойынша бөлшек сауда салығынның мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға төмендетілді. Осыған орай, аталған шешімді қайта қабылдау қажеттілігі жоқ екені хабарланды. Қалған депутаттың сауалдардың орындауы кейінге шегеріліп отыр. №9 сайлау округінен сайланған депутат А.Айтжанов аудандағы агроқұрылымдар мен шаруа қожалықтары бойынша 2023 жылы белгіленген салықтарды төлеу, қалыптасқан берешектер туралы толық ақпаратты Шу ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы А.Серікбаевтан сұрап, депутаттық сауал жолдаған. Тиісінше мекеме басшысы А.Серікбаев берешегі бар салық төлеушілерге ҚР Салық кодексінде белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу үшін, тиісті амалдарымен, шаралары қолданылып жатқандығын хабарлаған болатын. Айтжанов Жамбыл облысы Шу ауданының облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын (110 шқ) күтіп-ұстау жұмыстарына конкурс ойнатылған. Осыған байланысты жоғарыда аталған конкурстың талаптарында қандай жұмыстар атқарылатындығы жөнінде толық ақпаратты заңға сәйкес жолдауын сұраған. Нәтижесінде,  2024 жылға арналған облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар жиынтығы туралы мәлеметті жолдаған.  №11 сайлау округінен сайланған депутат А.Комаевтың бюджет шығыстарының тиімділігіне талдау жүргізу және Шу ауданының азаматтары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жолдарын түсіндіру бойынша депутаттық сауалына «Ауыз су-Шу» КМК директоры А.Наурызбаев заң аясында түсініктеме берді. «Қосқұдық» мөлтек ауданының Жансүгіров көшесінде орталықтандырылған су жүйесі жүргізілген және тәулік бойы үздіксіз су беріліп жатыр. Судың қысымының төмен болуының себебі, тұрғындар бақша суғару үшін ауыз суды қолданған. «Ауыз су-Шу» мекемесі тарапынан тұрғындарға ауыз сумен бақшаны суғаруға тыйым салу туралы хабарлама, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. №3 сайлау округінен сайланған депутат Б.Ниязбековтың  сауалы бойынша 2019 жылы Көктөбе ауылының тұрғындарына пилоттық жобамен 2,5 пайызбен несие берілген болатын. Ағымдағы 2024 жылдың шілде айында аталған кәсіпкерлердің жеке шоттары белгісіз себептермен жаппай бұғатталған. Осыған байланысты Шу ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы А.Серікбаев заңға сәйкес түсініктеме берді. 2019 жылы Көктөбе ауылының тұрғындарына пилоттық жобамен 2,5 пайызбен несие берілген болатын. Ағымдағы 2024 жылдың шілде айында аталған кәсіпкерлердің жеке шоттары белгісіз себептермен жаппай бұғатталған, осы мәселе бойынша №15 сайлау округінен сайланған депутат Ғ.Қойбағаров депутаттық сауал жолдады. Нәтижесінде, Шу ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы А.Серікбаев аталған мәселеге байланысты заңға сәйкес түсініктеме берген. №2 сайлау округінен сайланған депутат М.Маткаримов Төле би ауылдық округінің әкімі А.Рахимқұловқа Төле би ауылындағы Балуан Шолақ көшесінің Т.Рысқұлов көшесінен бастап «Ататүрік» дүкеніне дейін күрделі жол жөндеу жұмыстарын жүргізу және істен шыққан шамдарды ауыстыру қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдаған. Нәтижесінде, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесінің Рысқұлов көшесінен «Ататүрік» дүкеніне дейін 2,770 шақырым орташа жөндеу жұмыстарына «Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде 2024 жылға қаржы бөлініп, аталған көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. №6 сайлау округінен сайланған депутат Ұ.Оспанова Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, Шу ауданы әкімдігінің ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімдерінің басшыларына «Бірлікүстем-Қонаев-Шу» бағытында қатынайтын қоғамдық көлікке «Ақжол-2000» ЖШС-не автобус жүргізуге (жанармай, қосалқы бөлшектер, амортизациялық шығындар, жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығындары, жалақы т.б.) шығындар, жөндеу шығындарды өтеу үшін, аудандық бюджеттен субсидия сомасы 9 216 000 теңге қаражат қарастыру қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Сәйкесінше, «Бірлікүстем-Қонаев-Шу» бағыты мен «Еңбекші-Белбасар-Жаңажол-Шу» бағыты бойынша 2024 жылға бюджетті нақтылау барысында 30,0 млн теңге қаражат бөлінді.

 

Шу қаласының тұрғындарының  атынан су мәселесі бойынша мәслихат депутаты А.Комаевқа  өтініш түскен. Ол өтінішті қарау үшін "Ауыз су-Шу" МК КМК-сіне жолданды. Нәтижесінде Қосқұдық мөлтек ауданының Жансүгіров көшесінде орталықтандырылған су жүйесі жүргізілген және тәулік бойы үздіксіз су беріліп жатыр.

Шу қаласы «Тоғай» мөлтек ауданының тұрғыны атынан Ұ.Абуовқа өтініш түскен. Ол өтінішті қарау үшін  Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылап көлігі және автомибиль жолдары бөліміне және Шу қаласы әкіміне жолданған. Бүгінгі күнге аудан бойынша тұрғын үй кезек тізімінде 1782  азамат тіркелген.Ал,Орумбаева Алтынай Танатаровна 2017жылдың 10-шы қарашасында І және ІІ топтағы мүгедек ретінде №80 болып тіркелген.Тұрғын үй,Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бап 1 тармағына сәйкес пәтерлер кезек тізімімен келіп тұрса ғана пәтер ала алады.Қазіргі уақытта жатаханада бос пәтерлер жоқ, босаған жағдайда берілетінін мәлімдеген.

2024 жылдың І тоқсанында Шу қаласының тұрғыны Сексенбаев Кайсар Дусенбаевичтың атынан баспана мәселесі бойынша мәслихат депутаты М.Сұлтанғазиевке 1 өтініш түскен. Ол өтініш қарау үшін Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және Шу қаласының әкіміне жолданған. Нәтижесінде, Сексенбаев Кайсар Дусенбаевичтың жұбайы көп балалы ана ретінде Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен үй кезегіне тіркеді және ол Шу қаласындағы С.Сейфуллин көшесінің бойындағы СПТУ-24 жатаханасынан  уақытша тұрғын үймен қамтылды.

2024 жылдың III тоқсанында Төле би ауылының тұрғындары газ мәселесі бойынша №5 сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты М.Есеновке өтінішпен қайырылды. Ол өтініш қарау үшін «ГазТрансАймақ» Жамбыл облыстық филиалына және ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Жамауовқа жолданды. «QazaqGaz Aimaq» АҚ Төле би ауылының газдандыру жобасын, атқарушылық-техникалық құжаттамасын Қазақгазаймаққа тапсыруды және газ тарату желілерін пайдалануға беру талабы бойынша «Париев» ЖШС атына сотқа талап арыз беріліп, 2023 жылғы 20 сәуірдегі соттың шешіміне сәйкес талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. QGA тарапынан Жамбыл облыстық сотына аппеляциялық шағым жіберіліп, 2023 жылғы 21 шілдедегі соттың шешіміне сәйкес, «Париев» ЖШС-не Төле би ауылы ішіндегі көшеаралық газ құбырының барлық техникалық құжаттардың түпнұсқасын өткізу міндеттелді. Алайда, «Париев» ЖШС тарапынан аталған құжаттарды өткізбеу себебінен «Париев» ЖШС-ның барлық шоттары бұғатталды. Газ құбырларына қосылу құнын төмендетуге қатысты:ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығыстар газбен жабдықтау жүйелерінің қосылатын объектілерінің иелері есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, тұрғын үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін тұтынушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат құжаттары бар кез келген ұйыммен шарт жасай алады.Осыған байланысты, газбен жабдықтау желілеріне қосылу бағасын нарық белгілейді.QGA ақпаратына сәйкес Төле би ауылындағы 4 220 тұрғын үйдің 2 200 (52,1%) табиғи газға қосылған.

2024 жылдың  ІV тоқсанында Көкқайнар ауылының тұрғыны Амиров Жайсанбек Бердишұлы атынан жер мәселесі бойынша мәслихат депутаты А.Айтжановқа  өтініш түсті. Ол өтінішті қарау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті  Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті (бұдан әрі – Департамент) Сіздің  қайтыс болған 13 адамның жер үлесі туралы жолдаған жолданымыңызды зерделеп, төмендегіні хабарлайды.Бұдан бұрын, Департаментпен Жайсанбек Амировтың осы тектес жолданымына сәйкес 2022 жылдың 01 шілдесінде «Шу ауданы әкімінің аппараты» КММ-не жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізілген.Нәтижесінде, 13 адамның жер үлесін мемлекеттік жер қорына қайтару туралы қабылданған Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 195 қаулысы заңға қайшы қабылданғаны анықталып, Департаменттің талабы (тексеру нәтижесі актісі) негізінде Шу ауданы әкімдігінің 28.07.2022 жылғы № 371 қаулысымен күші жойылған.Сонымен қатар, Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің 15.11.2024 жылы № 1553 жолдаған мәліметіне сәйкес аталған адамдардың жер үлестері қазіргі кезде К.Бигазиевтің шаруа қожалығында құрамында.ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 18-бабына сәйкес «Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің ісіне, сондай-ақ көрсетілген бірлестіктердің мемлекеттің ісіне заңсыз араласуына және оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді». Яғни, Департамент шаруа қожалығынан жер үлесін бөліп алуына араласа алмайды.ҚР Жер кодексінің 40-бабына сәйкес «Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi». ҚР Жер кодексінің 54, 101-баптарында үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылар болып табылатын және шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн қатысушылар құрамынан шығу тәртбі мен үлескерлердің құқықтары айқындалған. «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 Нормативтік қаулысының 18-тармағына сәйкес Шартты жер үлесі құқығына байланысты барлық даулар сот тәртібімен қаралады.

Төле би ауылының тұрғындарының  атынан су мәселесі бойынша мәслихат депутаты А.Бекмурзинаға  өтініш түсті.Ол өтінішті қарау үшін Төле би ауылдық округінің әкіміне және "Ауыз су-Шу" МК КМК-сіне жолданды.

“AMANAT” партиясының мүшесі болып табылатын депутаттар 2024 жылдың  12 айында «AMANAT» партиясының аудандық филиалында 49  қабылдау өткізді. Қабылдау барысында 132 мәселе көтеріліп, оның 80-і оңды шешімін тапты.

Депутаттар аудандағы мүгедектер мен жалғыз басты қарттарға азық-түлік себеттеріне, аз қамтылған отбасыларға көп балалы аналарға, демеушілік көмектер көрсетіп келеді. Атап айтқанда, №1 сайлау округінен сайланған депутат М.Маткаримов Қонаев ауылының әлеуметтік осал топқа жататын тұрғынына мүгедектік алуына, жағдайы төмен отбасыларға 150 мың теңге азық-түлік себеттерімен көмек көрсетті, №2 сайлау округінен сайланған депутат Ж.Әбенов «Мектепке жол» акциясы аясында 5 оқушыға 50 мың теңге көлемінде құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті, №3 сайлау округінен сайланған депутат Б.Ниязбеков екі отбасыға 30 мың теңгеге азық-түлік себетімен, екі отбасыға 37 мың теңгеге азық-түлік себетімен және «Мектепке жол» акциясы аясында 3 оқушыға 57 мың теңге көлемінде құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті, №4 сайлау округінен сайланған депутат А.Бекмурзина бір отбасыға 30 мың теңгеге көмек көрсетті, №6 сайлау округінен сайланған депутат Ұ.Оспанова «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп оқушысына 20 мың теңге көлемінде құрал-жабдықтармен көмек көрсетті. №7 сайлау округінен сайланған депутат М.Султангазиев бір отбасыны уақытша баспанамен алуға және көп балалы анаға тұрақты баспаналы болуға ықпал жасады, Ескі Шу ауылдық округінің Белбасар ауылындағы 10 отбасыға (2-3) гектардан суармалы жер телімдерін, Белбасар ауылындағы 3 отбасыға 3 гектардан суармалы жер телімдерін құжаттарын жасақтап заңдастырып берді. Белбасар ауылындағы Белбасар спорт кешеніне жаңадан 18 орындық микро автобус алуғаықпал етті.  №8 сайлау округінен сайланған депутат Н.Разимбеков жиырма отбасыға 650 мың теңгеге азық-түлік себеттерімен көмек, бір отбасыға 50 мың теңге, “AMANAT” партиясының мәжіліс залына 3 үстел – 90 мың теңге, Ақтөбе облысындағы топан судан зардап шеккендерге 500 мың теңгеге, 5 отбасыға 75 мың теңгеге азық-түлік себеттерімен көмек, Ақтөбе облысындағы зардап шеккен халыққа қаржылай және азық-түлікпен 1 300 мың көмек көрсетті, №9 сайлау округінен сайланған депутат А.Айтжанов сайлау округіндегі ауыл тұрғындарына жер телімдерінің құжаттарын жасақтап, заңдастырып берді. Шоқпар ауылының зейнеткеріне шипажайға баруға құжаттарын заңға сәйкес Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құжаттарын рәсімдеп берді, №10 сайлау округінен сайланған депутат Ұ.Абуов көп балалы отбасыға киім-кешекпен көмегін көрсетті, Шу қаласындағы Абай атындағы орта мектепте «Жазғы мектеп жанындағы лагерьге» қатысушы 70 оқушыны өз тарапынан Шу қаласында орналасқан «Cinema Park» кинотеатрына баруына демеушілік көрсетті, билет құны 30 мың теңгені құрайды.  №13 сайлау округінен сайланған депутат Ж.Әуес қалалық мешітке 200 кг ұн, 100л сұйық май және аз қамтылған отбасыларға 500 мың теңге қаржылай көмек көрсетті, Ақтөбе облысындағы топан судан зардап шеккендерге 2 үлкен КАМАЗ азық-түлік пен киім-кешекті тиейтін 2 үлкен КАМАЗ автокөлігімен қамтамасыз етті, №14 сайлау округінен сайланған депутат Л.Жүнісәлиева  бала бақшадағы 10 баланың 3 айлық қаржысы 300 мың теңге, жалғыз басты анаға  3 айлық пәтер ақысын 60 мыңнан 180 мың теңге, жағдайы төмен отбасыға 3 айдың пәтер ақысын 60 мыңнан 180 мың теңгеге қаржылай көмек берді, №15 сайлау округінен сайланған депутат Ғ.Қойбағаров Бірлік ауылының тұрғынына қаржылай 19 мың теңгеге, ауыл тұрғынына 15 мың теңгеге азық-түлікпен қамтамасыз етті, Бірлік ауылындағы екі отбасыға 30 мың теңгеге азық-түлік себетімен және сол отбасының балаларына 40 мыңға оқу – құралдарымен қамтамасыз етті, №17 сайлау округінен сайланған депутат Б.Онбаев екі отбасыға 200 мың теңгеге азық-түлік себеттерімен көмек, өз округіндегі халыққа 1 млн теңге құрайтын пияз таратып берді, №6 сайлау округінен сайланған депутат Ұ.Оспанова үш отбасыға 50 мың теңгеге, №11 сайлау округінен сайланған депутат А.Қомаев бір отбасыға 50 мың теңге азық-түлік, көмірмен көмек, 1 кәсіпкерге жер телімінің құжаттарын заңдастырып берді, 1 кәсіпкерге электр жүйелерін қосып беруге ықпал жасады, Тасөткел ауылдық округіндегі Аспара ауылындағы 7 отбасының жер телімдерін Мұрағаттан шешімін алдырып, өз аттарына заңдастырып берді, №40 мектеп алдына 1 Камаз құм тас төсеуге, Шу қаласының Бестамақ, Уалиханов, Тельпенов көшелерін тегістеп, қоқыстарын тазалауға ықпал жасап, Мәделқожа көшесінің тұрғындарына қолдан турник, әткеншек т.б. жасатып берді, 1 маусым балаларды қорғау күніне орай өз округіндегі ауыл балаларына сомасы 15 мың теңге көлемінде тегін балмұздақ таратып берді.  Жалпы 9 айдың қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан 5 млн. 648 мың теңгеге қайырымдылық, демеушілік, аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, көп балалы аналарға көмек көрсеткен. 

Мәслихат депутаттары, тұрақты комиссия мүшелерінің фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілерінде 56 материалы жарық көрген.