Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
Ағын су мәселесі қаралды
 
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарларына сәйкес үстіміздегі жылдың 17 мамыр күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Б.Бетбаев, мәслихат төрағасы Ж. Әбенов, мәслихат депутаттары, ауданның Қоғамдың кеңесінің төрағасы Е. Досымбаев, «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы А. Омаров, СПК жетекшілері, Шу қаласы және ауылдық округтер әкімдері, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысын тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы А. Айтжанов жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде бір мәселе қаралды, ол «Елді мекендердегі жеке және заңды тұлғаларды ағын сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы»
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы А. Айтжанов баяндама жасаса, «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы А. Омаров пен осы мекеменің бас гидротехнигі Ғ. Ибраимов есеп берді.
Қаралып отырылған мәселені талқылау барысында Тасөткел су қоймасының қазіргі жағдайына, суландыру жүйелерін биылғы вегетациялық кезеңге дайындауда, ағын су каналдарына байланысты депутаттар, қоғамдық кеңес тарапынан «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінің басшылығына сын-ескертпелер, ұсыныстар айтылды.
Комиссиялардың бірлескен отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.