Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы

Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы

2023 жылғы мамыр айының 5-і күні Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков қатысты.

Кезектен тыс сессияны мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізіп отырды.

Сессияның қарауына 11 мәселе қойылды. Атап айтқанда, “2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №38-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” мәселесі осы сессиядан бір күн бұрын өткізілген аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында егжей-текжейлі талқыланып, бюджетті нақтылау барысында депутаттар тарапынан бірқатар сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтылды.

Нәтижесінде бюджетті нақтылау жөнінде тиісті шешім қабылданды.
Сонымен қатар, осы сессияда мәслихат аппаратының Ережесіне және аудан әкімдігі ұсынған әр түрлі комиссиялардың құрамдарына қатысты мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Осымен Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы өз жұмысын аяқтады.