Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХ-шы сессиясы

Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХ-шы сессиясы

Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХ-шы сессиясы


2023 жылдың қаңтар айының 16-ы күні “Amanat” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында сегізінші шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХ-шы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев қатысты. Сонымен қатар, осы сессияға қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев,  Шу қаласы және ауылдық округ әкімдері, жекелеген аудан әкімдігінің бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізіп отырды.

Сессия отырысында 5 мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандық аумақтық, учаскілік сайлау комиссияларының бос орындарына және жаңадан құрылған Шу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидатураларды депутаттар талқылап, оларды тиісті коммисия мүшелігіне сайлады. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі басқа да мәселелер депутаттар тарапынан талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Осымен аудандық маслихаттың кезекті ХХХХ-шы сессиясы өз жұмысын аяқтады.