Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарларына сәйкес 2026 жылғы 10 қыркүйек күні комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Отырысқа мәслихат төрағасы Ж.Абенов, аудан әкімінің орынбасары Н.Абдрашев, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары, Шу қаласы және ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Бірлескен отырысты тұрақты комиссияның төрағасы Н.Разимбеков жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және, құрылыс бөлімінің басшысы С.Оңланбеков, аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Ж.Каликов хабарлама жасап, есептер берді. Хабарламаны және есептерді талқылау барысында депутаттар А.Айтжанов, Ұ.Абуов, Б.Онбаев, Л.Жүнісалиева, А.Бекмурзина сұрақтар қойды, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д.Жигитекев хабарлама берді. Хабарламаны қарау және талқылау барысында тұрақты комиссия төрағасы Н.Разимбеков, Шу аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Абенов, депутаттар Ұ.Абуов, А.Айтжанов сұрақтар қойып оларға тиісті жауаптар қайтарылды.
Комиссияның бірлескен отырысын комиссия төрағасы Н.Разимбеков қорытындылады және депутаттармен қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Осымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.