2026 жылғы 19 тамыз күні Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының кезекті LX сессия отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімі Б.Жәнібеков, аудан әкімінің орынбасарлары Н.Султанбаев, С.Пернеш, Н.Абдрашев, қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Әрістеев, әкімдіктің бөлім басшылары, жекелеген мекеме басшылары, Шу қаласы және ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Кезекті сессияны мәслихат төрағасы Ж.Абенов жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде негізгі қаралған мәселе, ол – «Шу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін атқарудағы мәслихат депутаттарының алдындағы есебі туралы».
Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Б.Жәнібеков есеп берді. Аудан әкімі өз баяндамасында ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың 2026 жылдың 6 айындағы көрсеткіштеріне, сондай-ақ, алда атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан әкімінің есебін қарау және талқылау барысында мәслихат депутаттары А.Айтжанов, Ұ.Абуов есеп бойынша сұрақтар қойып, оларға аудан әкімі тиісті жауаптар қайтарылды.
Күн тәртібіндегі «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 49-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі алдын ала өткізілген тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралып, талқылануына байланысты сессия отырысында тиісті өзгерістермен бірге депутаттармен шешім қабылданды. Сондай-ақ, осы сессияда «Шу аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы №25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осымен кезекті LX сессия отырысы өз жұмысын аяқтады.