
Құрметті, Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
💫Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер еліміздің әлеуетін арттыруда халықты өрелі өнерімен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келесіздер.
💫Барлық мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар - Сіздер үшін дағдылы жұмыс күндері.Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге деген алғысымыз зор.
💫Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!
💫Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт, молшылық, жалыны мол күш-жігер, шығармашылық табыстар тілейміз!