
Үстіміздегі жылдың 3-ші желтоқсанда Шу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының IV тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес комиссиялардың бірлескен отырысы «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өтті. Комиссия жұмысына аудан әкімі Б.Жәнібеков, мәслихат төрағасы Ж.Абенов, қоғамдық кеңес төрағасы Т.Әрістеев, аудан прокурорының орынбасары С.Сүт
тібаев, Шу көлік прокуроры Ж.Әбдікеров, аудандық және желілік полиция бөлімдерінің басшылары, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, Шу қаласы, ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Бірлескен отырысты тұрақты комиссия төрағасы М.Сұлтанғазиев жүргізіп отырды.
Отырыста бір мәселе қаралды: Шу ауданының 2024-2025 жылдарға арналған «Шу-қауіпсіз аудан» профилактикалық іс-шаралар бағдарламасының орындалуы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары НН.Сұлтанбаев есеп берсе, Шу аудандық полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары Р.Қуанышбаев, Шу стансасындағы желілік полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары Е.Сеңгірбаев, Жамбыл облысы полиция департаментінің ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы А.Ильясов, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Шу аудандық пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е.Кунчашев хабарламалар жасады.
Мәселені қарау және талқылау барысында аудан әкімі Б.Жәнібеков, мәслихат төрағасы Ж.Абенов, тұрақты комиссия төрағасы М.Сұлтанғазиев, депутаттар А.Комаев, А.Бекмурзина сұрақтар қойып оларға тиісті жауаптар қайтарылды.
Комиссияның бірлескен отырысын комиссия төрағасы М.Сұлтанғазиев қорытындылады және депутаттармен тиісті қаулы қабылданды.
Осымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.