Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылғы 02 қыркүйек күні комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа мәслихат төрағасы Ж.Абенов, жекелеген мекеме басшылары, Шу қаласы және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Бірлескен отырысты тұрақты комиссияның төрағасы Н.Разимбеков жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. Ауданның елді мекендердегі агроқұрылымдар мен шаруа қожалықтарына тұрғын үй иелерінің жер учаскілеріне ағын судың берілуі туралы.
2. Төле би ауылынан (бұрынғы Тельман учаскесінен) Шу қаласындағы Орынбаев көшесі аралығына дейін айналма жол құрылысын жүргізу мәселесі туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Тасөткел» су қоймасы ӨБ басшысы Б.Кзылов хабарлама жасады. Хабарламаны талқылау барысында Шу аудандық мәслихат төрағасы Ж.Абенов, депутаттар А.Комаев, М.Султангазиев, У.Оспанова, А.Айтжанов, У.Абуов сұрақтар қойды, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша №11 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты А.Қомаев хабарлама жасады.
Шу аудандық мәслихат төрағасы Ж.Абенов комиссия төрғасы Н.Разимбеков қаралып отырған мәселе бойынша сұрақтар қойып, оларға аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы С.Онланбеков тиімді ұсыныстар айтты.
Комиссияның бірлескен отырысын комиссия төрағасы Н.Разимбеков қорытындылады және депутаттармен қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Осымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.