Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарларына сәйкес 2025 жылғы 01 шілде күні комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа мәслихат төрағасы Ж. Абенов, аудан әкімі Б.Жәнібеков, аудан әкімінің орынбасары Н.Абдрашев, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Бірлескен отырысты тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы Б.Ниязбеков жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібінде 1 мәселе қаралды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Е.Рахимқұлов баяндама жасады. Баяндаманы талқылау барысында депутаттар А.Айтжанов, А.Комаев, Б.Ниязбеков сұрақтар қойды, оларға тиісті жауаптар қайтарылды және аудан әкімінің орынбасары Н.Абдрашев, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Ж.Каликов түсініктеме берді.
Қаралып отырған мәселелер бойынша комиссия төрағасының міндетін атқарушы Б.Ниязбеков, мәслихат төрағасы Ж.Абенов, депутаттар М.Султангазиев тиімді ұсыныстар айтты.
Комиссияның бірлескен отырысын комиссия төрағасының міндетін атқарушы Б.Ниязбеков қорытындылады және депутаттармен қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Осымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.