Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарларына сәйкес 2025 жылғы 13 маусым күні комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа мәслихат төрағасы Ж. Абенов, аудан әкімінің орынбасары Н.Абдрашев, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Әрістеев, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары, Шу қаласы, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Бірлескен отырысты тұрақты комиссия төрағасы Н.Разимбеков жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша Қорағаты ауылдық округінің әкімі Ә.Диханбаев, Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімі Д.Сандыбаев, Ескі Шу ауылдық округінің әкімі Н.Абашов, Алға ауылдық округінің әкімі Б.Есбергенов есеп берді. Есепті талқылау барысында депутаттар А.Айтжанов, А.Комаев, Б.Ниязбеков, Ұ.Абуов сұрақтар қойды, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.
Қаралып отырған мәселелер бойынша комиссия төрағасы Н.Разимбеков, мәслихат төрағасы Ж.Абенов, депутаттар Б.Ниязбеков, А.Бекмурзина ұтымды ұсыныстар айтты.
Комиссияның бірлескен отырысын комиссия төрағасы Н.Разимбеков қорытындылады және депутаттармен қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Осымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.