Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Бұл күн Отанымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін күзететін барлық адамдардың батылдығы мен патриотизмін бейнелейді.
Барлық уақытта әскери қызмет қасиетті міндет, әр азаматтың ар-намысы, батылдық пен адалдық мектебі болды!
Бүгін біз көпұлтты Отанымызды сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғап, күзетіп тұрған барлық адамдарды құрметтейміз.
Сіздерге зор денсаулық, төзімділік, ертеңгі күнге деген сенімділік және аспанымыздың ашық болуын тілеймін. Сіздің үйлеріңізде әл - ауқат орнасын, ал жүректеріңізде-өз еліне қызмет ету мақтанышы болсын!
Құрметпен, Г. Сәдуақасова,
аудандық мәслихаттың төрағасы