Бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2025 жылғы 22 сәуірде аудандық мәслихатта бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс мәслихат депутаты Е.Шахметовтың төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Сәдуақасова, аудан әкімі С. Шабаров, аудандық мәслихаттың депутаттары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі өзекті мәселе қарастырылды:
1. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 12 «Шортанды ауданындағы Кондоминиум объектілері басқармасының жаңа нысандарына (МИБ, ЖМ) көшу жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» қаулысының іске асырылу барысы туралы.
2. Ақмола облысы Шортанды ауданының коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. Керімбаев баяндама жасап, қол жеткізілген нәтижелер мен ағымдағы мәселелрді атап өтті.
Тұрғындармен өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ МИБ пен ЖМ құруды құқықтық және ұйымдастырушылық қолдауға ерекше назар аударылды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және кәдеге жарату жүйесінің тиімділігін арттыру, инвестициялар тарту саласындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жөніндегі шаралар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған баяндамаларды талқылап, сұрақтар қойып, жүргізіліп жатқан жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар айтты. Комиссия мүшелері аталған іс-шаралардың іске асырылуын одан әрі бақылаудың маңыздылығын, сондай-ақ қабылданып жатқан қадамдар туралы халықты үнемі хабардар ету қажеттігін атап өтті.



Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы