Кеше аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С. Шабаров, аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы А. Керімбаев, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, жекелеген бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес сессияның қарауына аудан қызметінің қаржы-бюджет саясатына да, әлеуметтік маңызды бағыттарына да қатысты өзекті мәселелер шығарылды.
2025-2027 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратпен «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Мұнтаева, аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ж. Амантай сөз сөйледі.
Бұдан әрі депутаттарды ауданның сайлау комиссиялары құрамындағы өзгерістер туралы мәслихат аппаратының басшысы С. Әкімжанова хабардар етті.
Сонымен қатар, салтанатты жағдайда аудан әкімі С. Шабаров ауданның қоғамдық кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне жергілікті деңгейде шешім қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуының маңыздылығын атап өтіп, куәліктерді табыс етті.
Сессия сындарлы атмосферада өтті. Қарауға шығарылған барлық мәселелер аудандық мәслихатының депутаттарымен талқыланып, бекітілді.
Шортанды аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы