«AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының отырысына қатысу

«AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының отырысына қатысу
Кеше аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Сәдуақасова, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А. Мұхамедьяев және аудандық мәслихаттың депутаттары А. Анесий, Е. Шахметов Саяси кеңес Бюросының және партиялық бақылау комиссиясының отырысына қатысты. Отырыс барысында партия мүшелерінің есептері тыңдалды.
Ауданның «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Ә. Ордабаева «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалған іс-шаралары бойынша 2023-2027 жылдарға Ақмола облысы бойынша егіс кезеңін өткізу туралы мәлімет берді.
Ауданның «Құрылыс бөлімі» ММ бас маманы С. Әмірова «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалмаған іс-шаралары бойынша партиялық ден қою шаралары туралы баяндады».
Отырыс сындарлы және іскерлік атмосферада өтті. Талқылау қорытындысы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар әзірленді.
 
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы