Шортанды аудандық мәслихатының 35-ші сессиясы туралы

Шортанды аудандық мәслихатының 35-ші сессиясы туралы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен Шортанды аудандық мәслихатының кезекті XXXV-ші сессиясы өтті. Отырысқа мәслихат депутаттары, аудан әкімі С.Шабаров, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А. Мұхамедьяев, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, ұйымдар мен құқық қорғау құрылымдарының кейбір басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

1. Шортанды аудандық мәслихат төрағасының мәслихаттың қызметі туралы есебі.

Депутаттық корпустың есепті кезеңдегі жұмысын ауданның жергілікті өкілді оран басшысы Г. Сәдуақасова қорытындылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу бойынша негізгі бастамалардың іске асырылуын және атқарушы органдармен өзара іс-қимылды атап өтті.

2. Шортанды ауданы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының жұмыс жағдайы туралы.

«Шортанды ауданының полиция бөлімі» ММ бастығы Е.Оразбаев баяндамалап, криминогендік жағдайдың ағымдағы жай-күйі, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары және жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері туралы баяндады.

Сессия қорытындысы бойынша жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті ұсынымдар мен шешімдер қабылданды.

 

Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы