Шортанды аудандық мәслихатының кезекті 52-ші (LII) сессиясы: ауданды дамытудың түйінді мәселелері қаралды

Шортанды аудандық мәслихатының кезекті 52-ші (LII) сессиясы: ауданды дамытудың түйінді мәселелері қаралды

2026 жылғы 9 маусымда аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Сәдуақасованың төрағалығымен сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезекті елу екінші (LII) сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш.Ахметова, Ақмола облысының Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Жүнісов, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Пленарлық отырыс барысында депутаттар ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және бюджет процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті және кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді бекіту болды. Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш.Ахметова 2025 жылғы аудандық бюджеттің және төртінші деңгейдегі бюджеттердің атқарылу қорытындылары туралы баяндама жасады, есептен басқа, 2026 жылға арналған Шортанды ауданының даму басымдықтарына тоқталды.
Аудандық бюджеттің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының есеп-қорытындысын Ж. Жүнісов ұсынды. Оларға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалану жөніндегі ұсынымдар айтылды.
Аудандық мәслихаттың Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қорытындысын Е.Шахметов ұсынды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Шортанды ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы қамтамасыз етілгенін атап өтті. Аудан көптеген негізгі бағыттар бойынша дамудың оң динамикасын сақтап қалды. Баяндамашы инвестициялық белсенділіктің айтарлықтай өскенін атап өтті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 29,8 млрд. теңге, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен екі есе артық. Бұл ретте инвестициялардың 70 пайызға жуығы жеке инвестицияларды құрады, бұл ауданның қолайлы инвестициялық ахуалын көрсетеді.
Сонымен бірге атқарушы органдардың назарын одан әрі пысықтауды талап ететін жекелеген мәселелерге аударды. Бюджеттің өз кірістерінің үлесін ұлғайту және жоғары тұрған бюджеттердің трансферттеріне тәуелділікті азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру, дебиторлық берешекті бақылауды және бюджет қаражатының уақтылы игерілуін күшейту, даму бағдарламаларының барлық нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту, салықтық әкімшілендіруді арттыру, инвестициялар тарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.
Қарау қорытындысы бойынша депутаттар Ақмола облысының Тексеру комиссиясының ескертулерін ескере отырып, 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің және төртінші деңгейдегі бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді бекітті.
Одан әрі сессияда аудандық мәслихаттың 2026-2028 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы шешіміне өзгерістер қаралып, қолдау көрсетілді, Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна ставкалары бекітілді, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, сондай-ақ Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға өзгерістер енгізілді 2025-2029 жылдарға арналған.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қарау үшін негізгі тақырыптар жеке блокпен айқындалды. Алдағы кезекті сессияның күн тәртібіне аудандық мәслихат төрағасының өкілді органның қызметі туралы есебін және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және ауданның индустриялық аймағын дамыту шаралары туралы мәселені енгізу ұсынылды.
Кезекті 52-ші (LII) сессия жұмысының қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы