
2026 жылғы 29 мамырда аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Сәдуақасованың төрағалығымен Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс LI сессиясы өтті. Отырыс ZOOM бейнеконференция форматында өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сайлау комиссияларының құрамына, аудан әкімдігі жанындағы жекелеген комиссиялардың құрамына, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізуге қатысты сұрақтар қойылды.
Отырыс барысында депутаттар Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына енгізілген өзгерістерді қарады және қолдады. Сайлау комиссияларының 26 мүшесін уақтылы ауыстыру бойынша барлық қажетті іс-шаралар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілгені атап өтілді.
2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Аталған мәселе бойынша ақпаратты ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Мұнтаева ұсынды.
Талқылаудан кейін депутаттар ұсынылған өзгерістерді бірауыздан қолдады.
Сондай-ақ сессияда Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның құрамына және Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамына өзгерістер бекітілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы