Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

Кеше аудандық мәслихатының депутаттары А. Қожамсейітов, А. Анесий және аудандық мәслихат аппаратының басшысы С. Әкімжанова « Әділ және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!»- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Н.Дементьева мен Ю. Кучинская елдің Негізгі Заңындағы негізгі өзгерістерге, олардың мемлекетті одан әрі дамыту және жергілікті жерлерде өкілді органдардың рөлін күшейту үшін маңыздылығына егжей — тегжейлі тоқталды.
Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, азаматтардың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жаңартылған Конституция Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейтілетін неғұрлым теңдестірілген саяси жүйені қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді. Бір палаталы парламент - құрылтай мен Қазақстан Халық кеңесі жоғары консультативтік органын құру тәртібін талқылады. Маңызды сәттердің бірі мемлекеттік тілдің мәртебесін бекіту талқылау болды.
Сындарлы диалог барысында кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аймақтық деңгейде конституциялық нормаларды іске асырудың практикалық аспектілерін талқылады. Мәжіліс депутаттары әрбір азамат жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен маңызын түсінуі үшін халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы