
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындарды тыңдап, өзекті мәселелерді талқылады.
Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету және жаңа тұрғын үйде пәтер беру кезектілігіне қатысты сұрақтарымен жүгінді.
Жолымбет кентінің тұрғыны елді мекенде ұзақ өмір сүру Орталығын құру мүмкіндігі туралы бастама көтерді. Бұл ұсыныс аға буын өкілдерінің бос уақытын, әлеуметтік белсенділігін және қолдауын ұйымдастыруға бағытталған. Мәселе халықтың әлеуметтік маңыздылығы мен қажеттіліктерін ескере отырып қарауға қабылданды.
Азаматтардың барлық өтініштері бақылауға алынды. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша аудандық мәслихаттың құзыреті және уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде шешудің ықтимал жолдары пысықталатын болады.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы