Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVIII сессиясы өтті

Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVIII сессиясы өтті

Бүгін ZOOM бейнеконференция режимінде Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс XLVIII сессиясы өтті.
Сессияны Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова ашып, өткізді. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Д. Токишев және Ш. Х. Ахметова, кейбір дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қарастырылды:
- Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы;
- Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
- Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Бірінші мәселе бойынша Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ж. Амантай ақпаратпен сөз сөйледі. Баяндамашы әлеуметтік көмек көрсету тәртібін нақтылауға және халықты қолдаудың атаулылығын арттыруға бағытталған ұсынылған өзгерістерді түсіндірді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы