
2025 жылғы 24 желтоқсанында сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезекті XLVII сессиясы өтті. Сессия аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімдері, БАҚ қатысты.
Сессияның негізгі сұрағының бірі кенттер мен ауылдық округтердің 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджеттерін қарастыру болды. Ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж.Мұнтаева баяндама жасады. Өз баяндамасында ол төртінші деңгейдегі бюджеттердің жоспарланған көрсеткіштері, шығыстардың басым бағыттары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған негізгі міндеттер туралы хабардар етті.
Осы мәселе бойынша қорытындыны бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Е.Шахметов айтты. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар енгізілген ұсыныстарды ескере отырып, 2026-2028 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту туралы шешім қабылдады.
Бұдан әрі аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есеп тыңдалды. Баяндаманы комиссия төрағасы Ғ.Даитова ұсынды. Комиссия қызметінің негізгі қағидаттары жүйелі, сабақтастық, ашықтық және халықтың өзекті мәселелерін шешуге бағдарлану болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол комиссия жұмысының басты бағыты ауданның өзекті мәселелерін шешуге нақты қатысу, сайлаушылармен тығыз байланыс және олардың алдында депутаттық өкілеттіктерді орындау бойынша тұрақты есеп беру болып қалатынын атап өтті.
Сессияда Шортанды ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспары, елді мекендердің шекарасын (шегін) өзгерту, мәслихат аппаратының құрылымы мен штаты, аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді.
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының негізгі сұрағы: «Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» сұрағы бекітілді.
Сессия аяқталғаннан кейін жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті ұсыныстар беріліп, шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы