Шортанды ауданының депутаттық сағаты мен Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы

Шортанды ауданының депутаттық сағаты мен Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы
2025 жылғы 24 желтоқсанында аудандық мәслихатта Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық сағаты мен ауданның Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Отырыс аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ қатысты.
Күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының үш сұрағы қойылды.
Алғашқы екі сұрақ бойынша – «2026-2028 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы» және «Шортанды ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарын бекіту туралы» ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Мұнтаева баяндама жасады.
Өз баяндамасында ол төртінші деңгейдегі бюджеттердің жоспарланған көрсеткіштері, шығыстардың басым бағыттары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған негізгі міндеттер туралы хабардар етті. Шортанды ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарына келетін болсақ, ол орта мерзімді кезеңге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, адами капиталды, инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша - «Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № А-8/179 бірлескен қаулысына және Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 7С - 27/3» Шортанды ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» - ауданының «Жер, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Н. Қантаев ақпаратпен сөз сөйледі».
Талқылау шеңберінде Дамса ауылдық округінің әкімі Г. Әбдірахманова мен Бозайғыр ауылдық округінің әкімі А. Махфуздың ақпараттары тыңдалды, олар үш жылдық кезеңде бюджет қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы деректерді ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттың сессиясында бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Е. Шахметов ақырғы қорытындыны ұсынатыны атап өтілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қарастырылып, кезекті сессияның қарауына енгізілді.
 
 
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы