
2025 жылғы 19 желтоқсанындатаудандық мәслихатта бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның және Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
Оның жұмысына аудандық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, Шортанды ауданының әкімі С. Шабаров, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі сұрағы 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті қарастыру болды. Аталған мәселе бойынша ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Мұнтаева баяндама жасады. Ол бюджет жобасының негізгі параметрлерімен, шығыстардың бағыттарымен, сондай - ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелерімен таныстырды.
Ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ж. Амантай жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, отбасылардың әл-ауқатын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс туралы және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат берді.
2025 жылы жүргізілген жұмыстар және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласындағы 2026 жылға арналған жоспарлар туралы, жол инфрақұрылымының жай-күйі туралы ақпаратты ауданның «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы А. Колесников ұсынды.
Сұрақты қарастыру қорытындысы бойынша тұрақты комиссия тиісті қорытынды дайындады. Қоғамдық кеңес өз ұсыныстарын ұсынды.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы