Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясы өтті

Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясы өтті

2025 жылғы 2 желтоқсанда ZOOM форматында сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLV сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Б. Токишев, аудандық мәслихаттың депутаттары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, кейбір мекеме басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде үш маңызды мәселе қарастырылды:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/2 «Кенттердің, ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға арналған тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
3. Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № А-4/116 бірлескен қаулысына және Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/5 «Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс станциясының шекараларын (шегін) белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Үшінші мәселе бойынша ауданның «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Н. Қантаев сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында өзгерістер енгізу қажеттілігі Төңкеріс бекеті мен Бозайғыр ауылының индустриялық аймаққа енгізілуіне байланысты екені атап өтілді. Осы елді мекендерде қытайлық инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда, осыған байланысты жер заңнамасының талаптарына сәйкес елді мекендердің шекараларын өзектендіру, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту перспективаларын ескере отырып, аумақтық параметрлерді нақтылау талап етіледі.
Дауыс беру қорытындысы бойынша әкімдіктің бірлескен қаулысына және аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер бірауыздан қолдау тауып, қабылданды.
Барлық шешімдер белгіленген тәртіппен қабылданды.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы