
2025 жылғы 21 қарашасында Ғ. Даитованың төрағалығымен депутаттық өкілеттіктер мен этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері және ауданның қоғамдық кеңесі жөніндегі тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібіне бір маңызды сұрақ қойылды: «2024 жылғы 8 қарашадағы № 12 қаулының орындалу барысы туралы» 2024-2025 жылдардағы Шортанды ауданында меншіктің барлық нысандарындағы әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерде жылу беру маусымының өтуі туралы» және ағымдағы жылу беру маусымында өткізілетін іс-шаралар туралы».
Осы мәселе бойынша ақпаратпен ауданның «Тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысының м.а. А. Колесников сөз сөйледі.
Жылу көздерінің тұрақты жұмыс режимін қамтамасыз ету мақсатында жылу беру маусымы аяқталғанға дейін барлық коммуналдық қазандықтарда жылу тасымалдағыштың температуралық режиміне тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ, барлық әлеуметтік нысандар үшін қатты отынның барлық көлемін жеткізудің сапасы мен уақтылығына қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы