Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымның кезектен тыс XLIV сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымның кезектен тыс XLIV сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі С. Шабаров, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес мүшелері, кейбір ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері, бөлімдер мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Кворум белгіленгеннен кейін депутаттар күн тәртібін және жұмыс регламентін бекітті. Сессия шеңберінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды мәселелер қаралып, бекітілді.
Бірінші мәселе бойынша 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке енгізілген өзгерістерге қатысты ақпаратты экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Мұнтаева ұсынды. Бұдан әрі депутаттар арнайы салық режимі кезінде салық мөлшерлемесін төмендету үшін бірауыздан дауыс берді, учаскелік сайлау комиссиялары мен ауданның жер комиссиясының кейбір құрамдарына өзгерістерді бекітті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, барлығы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы